Некені тоқтату » "Алматинская область білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "А.С.Пушкин атындағы орта мектеп " отдела образования Кербулакского района
Алматинская область білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Пушкин атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
01
сентябрь
2021

Некені тоқтату

14-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабарошарсыз кеткен деп тану) не осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені (ерлізайыптылықты) бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасында некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы ата-аналар мен осы некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық қатынастарды үзбейді және тоқтатпайды.
15-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы, соттың оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан некенің(ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы
1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады.
 2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімдері күшін жойған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) қалпына келтіруі мүмкін.
3. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде тараптарға (немесе тараптардың біріне) хабарошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған жұбайы тірі екені белгілі болған жағдайларды қоспағанда, егер басқа зайыбы жаңадан некеге отырса (ерлізайыпты болса), некенің (ерлі-зайыптылықтың) қалпына келтірілуі мүмкін емес.
16-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлізайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. 2. Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.
 17-бап. Тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлізайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке (ерлізайыптылық) бұзылатын болады. 2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуін: 1) сотхабар-ошарсыз кеткен деп таныса; 2) сотәрекетке қабілетсіз деп таныса; 3) сотәрекет қабілеті шектеулі деп таныса; 4) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады. 3. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркеуші орган жүргізеді.
18-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылар арасында туындайтын дауларды қарау Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын күтіп бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады.
19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу 1. Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.
2. Мынадай: 1) осы Кодекстің 17-бабының2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлізайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған;
2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған;
3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз ісәрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған;
4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.
3. Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бі