01
сентябрь
2021
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы, 1-ші бап
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) азаматтық хал актілері – адамды дараландыратын және оның құқықтары мен міндеттерінің туындауымен, болуымен және тоқтатылуымен байланысты болатын заңдық тұрғыдан ресімделген мән-жайлар; 2) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырушы аумақтық әділет органы; 3) аккредиттеу - Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы; 4) алименттер – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат; 5) ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар); 6) ата-анасы бас тартқан бала (ата-анасы бас тартқан балалар) – тиісті заңды құжаттарды ресімдеу жолымен оны одан әрі тәрбиелеуден, оқытудан, материалдық қамтамасыз етуден ата-аналары (ата-анасы) бас тартқан бала; 7) әке болуды анықтау - баланың анасымен некеге тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) адамның балаға қатысты әке болуын тіркеуші органның анықтауы не сот тәртібімен анықтау; 8) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам; 9) бала асырап алу - нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны; 10) бала асырап алу жөніндегі агенттіктер - өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар; 11) балалық шақ – кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі; 12) баланың заңды өкілдері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші және оларды алмастырушы басқа да тұлғалар; 13) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер; 14) жалған неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің отбасын құру ниетінсіз, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен қиылған неке (ерлі-зайыптылық); 15) жеке басты куәландыратын құжат – жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық объект. Жеке басты куәландыратын құжаттарға «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының1-тармағында көрсетілген құжаттар жатады; 16) жекжаттық – ерлі-зайыптылардың бірінің екінші жұбайының жақын туыстарына қатысы; 17) жетім бала (балалар) – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар); 18) Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағыуәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган; 19) қамқоршылық – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны; РҚАО-ның ескертпесі! 20) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.07.2014 № 236-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 20) қиын өмір жағдайындағы бала (балалар) – қалыптасқан жағдайлар салдарынан өмір тіршілігі бұзылған және осы мән-жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар); 21) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың және сотәрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны; 22) қорғаншы немесе қамқоршы - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңындабелгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға; 23) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар - азаматтардың репродуктивтік қызметiн түзеуге бағытталған диагностика, емдеу және оңалту жөнiндегi медициналық ісшаралар кешенi; 24) материалдық жағдай – жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүлкінің болуы; отбасының басқа да мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы; 25) мүліктің шарттық режимі – ерлі-зайыптылардың неке шартымен белгіленген меншік режимі; 26) неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ; 27) неке (ерлі-зайыптылық) жасы – осыКодексте белгіленген, адамның некеге отыру (ерлізайыпты болу) құқығына жеткендегі жасы; 28) некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ана - бала (балалар) туған, бірақ тіркеуші органдарда тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) әйел; 29) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге денысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы; 30) отбасылық жағдай – некеде (ерлі-зайыпты) болу не болмау немесе некені (ерлізайыптылықты) бұзу, жесірлік, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы; 31) патронат – жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтыншарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны; 32) репродуктивтік денсаулық – адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы; 3