1 желтоқан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні құтты болсын! » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "А.С.Пушкин атындағы орта мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Пушкин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
декабрь
2021

1 желтоқан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

1 желтоқан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Елбасы Қазақстан халқын бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылдырып, елімізді ұлтаралық келісім мен бірліктің мекені ретінде әлемге танытты.
Ұлттық рухты оятып, мемлекеттілігімізді жаңғырту миссиясы қазіргі жаһандық саясат сардарларының бірі- Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді. Оның тұғырлы тұлғасы ғасырлар бойы бақытты ұрпағымыз үшін темірқазықтай жол сілтеп тұрады.
Нақты істерді атқаруды, барлық жүйеде орнықтылықты сақтауды, стратегиялық жоспарлау мен кезең-кезеңмен дамуды көздеген Ұлт көшбасшысының мұндай прагматикалық ұстанымы отыз жылға жуық уақыт ішінде еліміздің мемлекет құрып, таңғаларлық нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Баршаңызды айтулы күнмен құттықтай отыра, зор денсаулық,шығармашылық табыс, отбасының амандығын тілеймін.

А.С.Пушкин атындағы орта мектеп директоры:Э.С.Разакпаева