“Қош бол сүйікті Әліппем!” атты мерекелік іс-шара
Бүгін мектебімізде 1”А”,”Б”, “В”, “Г” сынып оқушылары “Қош бол сүйікті Әліппем!” атты мерекелік іс-шараны аттап өтті. Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.