Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтау
Құрметті аға буын өкілдері! Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аға буынның тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілікті, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді. Өскелең ұрпақ үшін сіздер борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске деген өшпес ерік-жігердің үлгісісіздер! Сіздер әрқашан құрметке лайықсыздар. Барлық уақытта адамзат үшін қарттардың