Құрметті ата-аналар мен ЕНТ-ға қатысушылар! » "Алматинская область білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "А.С.Пушкин атындағы орта мектеп " отдела образования Кербулакского района
Алматинская область білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Пушкин атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
25
декабрь
2022

Құрметті ата-аналар мен ЕНТ-ға қатысушылар!


Құрметті ата-аналар мен ЕНТ-ға қатысушылар!

❓Сіздерден 2022 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты сауалдар күнделікті келіп түсуде.
🤔Солардың ішінде ең жиі қойылатыны: ЕНТ-ға қатысу бағасының өсуі.

☝️Бірден басын ашып алайық. МАҢЫЗДЫ: 2022 жылы бітіретін МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ ЕНТ (маусым айындағы) ТЕГІН. Солай болды және солай болып қалады. Ал ЖОО-ға ақылы бөлімге түсетін ЕНТ ақылы – бұл да жаңалық емес.

ℹ️Мәселе бағаның өсуінде. 2012 жылдан 2021 жылға дейін ақылы ЕНТ-ның бағасы – 2242 теңге болса, 2022 жылдан бастап – 5640 теңге.

😳Неге??? Неге екі есе өсті деген сұрақ қоюларыңыз заңдылық.

☝️Бұл ойдан шығарылған дүние емес. ✅Түсіндіремін.
Өзіңіз көріп отырғаныңыздай 1️⃣0️⃣ жылға жуық мерзім ішінде баға өзгеріссіз екі мың теңгенің шамасында болды. Оны келер жылы өсірудегі себептерді ары қарай жалғастырып оқысаңыз неге мұндай шешім қабылданғаны түсінікті болады.
1️⃣Біріншіден. Информациятық технологиялар заманында бастысы – компьютерлік тестілеуде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, бірыңғай цифрлық экожүйе (тіркеу-тестілеу процесі-бағалау) мен арнайы жабық VPN-желісін ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.
2️⃣Екіншіден. Түскен қаражат ЕНТ өткізу пунктерін жалға алуға (компьютерлер, камералар, Face ID сәйкестендіру құралдары, кеңсе, медициналық, санитарлық жабдықтар және т.б.) жұмсалады.
3️⃣Үшіншіден. ЕНТ тапсырмаларының мазмұнына баса назар аударылуда. Осыған орай тест әзірлеушілерге де қойылып жатқан талаптар өсуде. Сәйкесінше, тест тапсырмасын әзірлеушілер мен сарапшылардың, апелляция мүшелерінің еңбек ақысының да жоғарылауы қалыпты жағдай.
4️⃣Төртіншіден. Апелляцияны ұйымдастыру матрицасы да қарастырылған.

‼️Осылайша, Сіздер жасайтын төлемдер өз мақсаты бойынша жұмсалуда. Сондықтан барлығын дұрыс таразылап, бағаның өсуіне жоғарыда аталған жайттардың себеп болып отырғанын түсіністікпен қабылдап аларсыздар деп үміттенеміз 🙌.

☝️Міндетті түрде атап өтетін жайт: ЕНТ-ға қатысу/қатыспау тестіленушінің ӨЗ ЕРКІНДЕ.