Сейсмикалық оқу-жаттығуы » "Алматинская область білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "А.С.Пушкин атындағы орта мектеп " отдела образования Кербулакского района
Алматинская область білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Пушкин атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
23
январь
2024

Сейсмикалық оқу-жаттығуы

2024 жылдыңы 23 қаңтарында сағат 11:00 де Алматинская область Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектепте Төтенше жағдайлар департаментінің бұйрығымен подполковник Келдибаев Бахтияр Бахтыбековичтың жетекшілігімен жоспарлы жалпымектептік сейсмикалық оқу-жаттығуы өтті.
Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – оқушыларды эвакуациялау жолын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апат кезінде қажет жабдықтарды дайындауы үшін білім алушылар мен мұғалімдердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру.
«Сейсмикалық оқу-жаттығу басталмас бұрын, апаттық сөмкені дайындаңыз, қауіпсіз жерге шығу жолын анықтаңыз. Қауіпсіз жер - бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық аумақ. Сейсмикалық оқу-жаттығу кезінде «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылын естіген кезде, сабыр сақтап, ғимараттан шығыңыздар» - деген нұсқаулық беріліп, жалпы дайындық жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен ұстаздарына қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керектігі бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.