16
февраль
2020
"Дарындылар және таланттылар-2020" аймақтық слетінің нәтижесі
15.02.2020 Қарасай ауданы "А.Байжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен " КММ базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Дарындылар және таланттылар -2020" аймақтық слеті өтті. Аталған слетке А.С.Пушкин атындағы ОМ дарынды оушылары да топ жарды."Жас ақындар" бағыты бойынша 2 оқушы қатысып, Аусқан Динара жүлделі II орынды, "Музыка алаңы "бағыты бойынша 8 оқушы қатысып, Жанқуатов Наурызбек және Сейтқасым Айдана жүлделі III орынды, Абильда Ардақ II орын, "Гүлдер ансамблі "Бас жүлде" , Бейсен Жанель жүлделі I орынды, Мейрамбек Ақмейір жүлделі II орынды иеленді. Ғылыми зерттеу жобалар МИФ бағыты бойынша Минеев Артем иеленсе, "Жаратылыстану"бағыты бойынша Гарипова Аружан мен Дүйсенбаева Гүлжайна жүлделі I орынды, "Гуманитарлық бағыт" бойынша Садаева Сафия және Жорабай Әдемі I орынды, Умаров Нихат II орынды, Жорабай Нұрхан мен Бостанжиева Дильбар III орынды жеңіп алды. "Әлеуметтік жоба " бағыты бойынша Волонтер оқушыларымыз жүлделі I орынды жеңіп алды. "Шешендік өнер" бағыты бойынша Жанқуатов Наурызбек жүлделі I орынды, "Шығармашылық шеберхана" бағыты бойынша Бекқұл Берік жүлделі I орынды иеленді. мектебіміздің намысын тағы бір кезеңде қорғайды. Жетістіктеріңіз көп болсын құрметті әріптестер!!!








