Неке-отбасы құқықтарын жүзеге асыру және қорғау 2-тарау » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "А.С.Пушкин атындағы орта мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Пушкин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Неке-отбасы құқықтарын жүзеге асыру және қорғау 2-тарау

6-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарында құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын өздеріне тиесілі құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша пайдаланады. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарының жүзеге асырылуы мен міндеттердің орындалуы отбасының басқа мүшелері мен өзге де құқық субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс. 7-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғауды азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша сот жүзеге асырады. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғауды мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде және осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырады. Бұзылғанқұқықты қорғау үшiн билiк немесе басқару органына жүгіну құқық қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге кедергi жасамайды. 8-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарында талап арыздың ескіруін қолдану 1. Бұзылған құқықты қорғау мерзімі, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, талап арыздың ескіруі неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын талаптарға қолданылмайды. 2. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын дауларды қараған кезде, талап арыздың ескіруін белгілейтін нормаларды қолдану кезінде сот Қазақстан РеспубликасыАзаматтық кодексінің нормаларын басшылыққа алады. 2-БӨЛІМ. НЕКЕ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ) 3-тарау. НЕКЕ ҚИЮДЫҢ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ БОЛУДЫҢ) ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ 9-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) шарттары 1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет. 2. Осы Кодекстің11-бабында көрсетілген мән-жайлар болған кезде неке қиылмайды (ерлізайыпты болмайды). 10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы 1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. 2. Мынадай дәлелді себептер болған: 1) жүкті болған; 2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді. 3. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін. 4. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлізайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі. 5. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлізайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі. 11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейтін адамдар Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға): 1) бір жынысты адамдардың; 2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта)

Похожие публикации:

11 декабрь 2021 "Жыл үздігі" 2021 ж
13 сентябрь 2021 Отбасы күні
01 сентябрь 2021 Некені тоқтату